jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

жас жігіт
Жас жігіт. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте 19 жастағы жас жігіт жоғалып кеткен. Полицейлер оны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 15 қазанда Абай АПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

"Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйден шығып белгісіз бағытта кетіп, оралмаған", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Жас жігіттің жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Нұрбол Ермұхамбет
Нұрбол Ермұхамбет. Фото: polisia.kz

"Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы, көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған", - делінген хабарламада.

Ведомствода жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болған жағдайда “102” нөміріне хабарласуды сұрайды.

Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.