jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Астанаға бензин мен дизельмен жүретін көліктер кіргізілмеуі мүмкін

Астана көшесіндегі көліктер
Астана көшесіндегі көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана мәслихатында өткен жиында ауаны ластайтын көліктерді елордаға кіргізбеуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ерлан Бердалиннің айтуынша, елордада 1,4 миллион адамға 420-ға жуық көлік келеді – соңғы 5 жылда көлік саны 20 пайызға артқан.

"Соңғы 3 жылда автокөліктерден атмосфераға таралатын ластаушы заттар қалдығының көлемі жоғары деңгейде қалып тұр — 2023 жылы 6 айдың ішінде 27 мың тонна тіркелген. Автомобильдерден ауаның ластану себебі — автокөліктер санының артуы, кең көшелердегі кептеліс. (...)

Биыл басқарма Лондонда кең қолданыстағы тәжірибені, яғни кей аймақтағы эмиссия (шығарындылар – ред.) мөлшерін азайтуға бағытталған жобаның пилоттық нұсқасын (елордада – ред.) енгізуді ұсынды. Негізгі мақсат – ластаушы заттардың көп шығарындылары бар бензин мен дизельді қолданатын көліктердің қалаға келуін шектеу.

Аймақтың шекарасын анықтау үшін аймаққа кірер жолда және негізгі қиылыстарда белгілер орнатылады. Ұсыныс қарастырылуда", — деді Бердалин.

Астанаға бензин мен дизельмен жүретін көліктер кіргізілмеуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.