jitsu gif

Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолымен өтудің режимі белгіленді

"Медеу-Шымбұлақ" жолындағы жөндеу жұмыстары
"Медеу-Шымбұлақ" жолындағы жөндеу жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда құлаған тастардың зардабын жою бойынша жүргізілген жұмыстарға қатысты "Медеу-Шымбұлақ" автожолымен өтудің режимі белгіленді. Электромобильдер мен жаяу жүргіншілер белгілі уақытта өтетін болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

"Аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен жаяу жүргіншілер 09.00-ге дейін, 12:00-ден 14:30-ға дейін және 18:00-ден кейін кіре алады. Аспалы жол іске қосылғаннан кейін 1 қарашадан бастап электр көліктері мен такси жүргізушілеріне 09:00-ге дейін және 18:00-ден кейін кіруге рұқсат. 13:00-ден 14:00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алады", - деп жазды Алматы әкімдігінен.

Сонымен қатар, студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның өзгергені туралы қосымша хабарланады.

Еске сала кетейік, осы жылдың 25 қазанынан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталған еді. Қазіргі уақытта автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеулі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.