Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазіргі басшылықтың қолынан ештеңе келмейді": Тоқаев "АрселорМиттал Теміртауды" енді кім басқаратынын айтты

Опубликовано:

Тоқаев қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты
Тоқаевтың қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айту сәті. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейтінін айтып, кәсіпорынды алдағы уақытта кімнің басқаруына беретінін нақтылады. Бұл жөнінде Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент бүкіл еліміз бойынша 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын және "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты тиісті шара қабылданатынын жеткізді.

"Ертең бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек. Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері "АрселорМитталда" жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қарағандының Костенко атындағы шахтасында болған апат

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042953-qazirgi-bassylyqtyn-qolynan-estene-kelmeidi-toqaev-arselormittal-temirtaudy-endi-kim-basqaratynyn-aitty/

pixel