Қазақстанда 12 жыл ішінде халық саны қаншаға өсті
Жарияланған күні:
2009 жылдан бері Қазақстан халқы 20 пайызға өскен. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адам, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы Telegram-дағы ресми арнасында.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, үш өңірде халық саны 2 млн адамнан асқан.
Атап айтқанда, Алматы облысында халық саны 2 146 576 адамға жетсе, Түркістан облысында 2 054 021 адамға жеткен. Үштікке Алматы қаласы енген. Оңтүстік астанада 2 030 285 адам тұрады.
Сарапшылар санақ арасындағы кезеңде халықтың ең көп өсуі Астана қаласында тіркелгенін атап өтті. Елордада халық саны 2 есе, яғни 613 мың адамнан 1 234 мың адамға дейін өскен.
Шымкент қаласында халық саны 730 мың адамнан 1 112,4 мың адамға дейін жетіп, 1,5 есе өскен. Сонымен қатар 12 жылда Маңғыстау облысындағы халық саны 1,5 есе өсіп, 485 мың адамнан 735 мың адамға дейін жеткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2043152-12-zylda-elimizde-xalyq-sany-nese-paiyzga-osti/