jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыдан қала маңындағы елдімекенге қатынайтын тағы бір жаңа автобус бағыты іске қосылмақ

Автобустар
Автобустар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Енді Алматы қаласынан Мыңбаев кентіне дейін жаңа автобустар қатынайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында.

Әкімдік мәліметінше, Алматыда "Төле би – Яссауи бұрылу алаңы – Мыңбаев кенті" схемасы бойынша қатынайтын №247 жаңа маршрут ашылды.

ISUZU LE-60 маркалы шағын 4 автобус жолаушыларды тасымалдайтын болады. Қызмет көрсету "Алматы трансавто" ЖШС тасымалдаушыға берілген.

Әкімдік Алматы агломерациясын дамыту аясында биыл қала маңына қатынайтын 10 жаңа автобус бағытын (25 елдімекенді қамтиды) іске қосу жоспарланғанын атап өтті.

Бұған дейін 4 бағыт іске қосылған. Олар:

  • №223 "Саяхат – Нұра және Туғанбай ауылдары",
  • №233 "Қараой – Саяхат ауылы",
  • №240 "Батыр ауылы – "Адем-1" СҮ, Солтүстік айналма көшесі,
  • №236 "Төле би – Яссауи бұрылыс алаңы – Қарғалы кенті".

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына дейін қала мағындағы 50 елдімекенге қатынайтын 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарланған.

Айта кетейік, 20 қазанда Алматыдан Қарғалы ауылына дейін қатынайтын №236 жаңа автобус бағыты іске қосылған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.