jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Белгілі ұлт қайраткері Сәкен Сейфуллиннің бұрын-соңды жарияланбаған видеосы табылды

Мұрағаттағы Сәкен Сейфуллин видеосынан.
Сәкен Сейфуллин. Видеодан кадр: youtube.com/@aqparatkz

Ресей мемлекеттік кино, фотоқұжаттар мұрағатынан белгілі Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллин бейнеленген кадрлар табылды, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, мемлекет қайраткері бейнеленген бұл кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген.

Таспаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек тапқан.

Сонымен қатар ғылыми қызметкер Мәскеу мұрағатынан тағы қандай құнды деректерді кездестіргенін айтып берді.

"Мәскеу қаласына қазанның 19-27 аралығында 3 ғалым барған болатынбыз. Ресей мемлекеттік фотоқұжаттар мұрағатында болдық. Сол мұрағаттағы фотоқұжаттармен түгел танысып шықтық. Өзімізге қажеттілерін қарап шыққанда, Сәкен Сейфуллиннің бейнежазбасы кездесіп қалды. Сәкен Сейфуллинмен бірге, Ораз Жандос, Әліби Жангелдиннің бейнежазбасы осында түсірілген", - деді ғылыми қызметкер.

Ермұхамет Маралбектің айтуынша, бұдан бөлек Мәскеуден бірнеше құнды құжат табылған.

"Ресей мемлекеттік Ленин атындағы кітапханада сирек қолжазбалар қорында жұмыс істедік. Алаш қайраткерлерінің көптеген еңбегі сақталған. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми айналымда жоқ, еш жерде кездестірмеген еңбектері табылды. Ол туралы зерттей түсу керек. Зерттеу нәтижелерін алдағы уақытта жариялайтын боламыз", - деді Ермұхамет Маралбек.

Белгілі ұлт қайраткері Сәкен Сейфуллиннің бұрын-соңды жарияланбаған видеосы табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.