jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын: сәрсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәрсенбі, 1 қарашада республика бойынша, сондай-ақ еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады.

"Қазгидромет РМК" ресми сайтының хабарлауынша, атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен бүгін республика аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Бүгін тек елдің батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Сонымен қатар сәрсенбіде Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал.

OpenWeather порталының мәліметінше, бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,4 м/с.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,2 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.

Жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын: сәрсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.