Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 градусқа дейін аяз: елімізде қарашада ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Аяз
Аяз. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер қараша айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, қарашаның алғашқы күндері елімізде күн жылы болады. Дегенмен еліміздің басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман болып, екпінді жел тұруы мүмкін.

Айдың басында тек республиканың батысы мен оңтүстігінде, бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Температура фоны келесі өңірлерде өзгереді:

  • Батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +2+10°С, күндіз +12+18°С болса;
  • Қазақстанның солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) ауа температурасы түнде 0,+8°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +7+12°С, облыстың оңтүстігінде +15°С-тан, +5+10°С-қа дейін;
  • Қазақстанның солтүстік жартысында, орталығында, шығысында түнде -5+2°С-тан, +3+8°С-қа дейін, күндіз +3+12°С-тан -2+3°С-қа дейін;
  • Оңтүстік өңірлерде түнде -5+5°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +8+13°С-тан +12+17°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Кей күндері оңтүстік өңірлерде +20°С-қа дейін жылынады.

Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде елімізде ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Кей уақытта күн жылы болса, кей уақытта суық болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл аралықта кей жерлерде қар, жаңбыр жауып, екпінді жел тұрып, республика бойынша көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Солтүстік өңірлерде кей күндері бұрқасын болуы мүмкін.

Қарашаның екінші жартысында республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында аяз күтіледі.

Мәселен, Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі уақытта ауа температурасы -15-22°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді. Елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында ауа температурасы түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С аралығында болады.

Десе де синоптиктер кейін Иран мен Жерорта теңізінің аудандарынан жылы ауа массасы келуінің әсерінен күн жылына бастайтынан айтып отыр. Мысалы, елдің солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы +3+10°С-қа дейін, республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С-қа дейін көтеріледі.

Метеорологтардың мәлметінше, қараша айында орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, Жетісу облысының оңтүстігінде және Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында норма шамасында болады.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043540-elimizde-qarasada-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel