jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"5 градус аяз, қар": алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Синоптиктер қараша айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Казгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың солтүстік жартысында ауа райы құбылмалы болады.

Республика бойынша жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде жел күшеюі ықтимал.

Қарашаның алғашқы күндері температура көрсеткіші бойынша елімізде түнде +3...+10 градустан -5...-3 градусқа дейін күндіз ауа температурасы +10...+18 градустан 0...+8 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер болжамынша, республиканың оңтүстігіндегі кей өңірлерде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Еліміздің оңтүстігінде түнде ауа температурасы +3...+5 градус болса, күндіз +10...+17 градустан +15...+20 градусқа дейін аздап жоғарылайды.

Сонымен қатар республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжануда.

"5 градус аяз, қар": алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.