jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Теледидар пульті
Теледидар. Көрнекі фото: pexels.com

Эфирлік желілердің техникалық құралдарын жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты елімізде бір тәулікке телеарналар мен радиостанциялар өшіріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін мәлім етті.

"Осыған байланысты биыл 8 қарашада сағат 3:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" АҚ ел тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.