jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тұман, қар, көктайғақ": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Алғашқы қар жауған сәт
Алғашқы қар жауған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 3 қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында атлантикалық циклонның және атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Мәселен, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, шығыста кей уақыттарды қар қатты жауып, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ал еліміздің оңтүстік жартысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Десе де бүгін республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде.

Сондай-ақ OpenWeather порталы бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда күн аздаған бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,4 м/с.

Астанада жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с.

Шымкентте күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 1,7 м/с деңгейінде болмақ.

"Тұман, қар, көктайғақ": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.