Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 желтоқсаннан бастап Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді

Жарияланған күні:

Байқоңыр
Байқоңыр қаласы. Видеодан кадр: qyzylordatv.kz

1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді, деп хабарлайды Qyzylorda телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген Байқоңыр аумағы ерекше күзетілетін нысан болып саналады. Қалаға іріп-шығудың да өз тәртібі бар. Қала аумағына плиталар, жан-жағына бейнекамералар қойылған. Әскерилер қалаға кіріп, шыққан барлық тұрғынды тексереді. Тұрғындардың айтуынша, мұнда күніне 10 рет кіріп, шықсаң, соншалықты тексерістен өту қажет.

Енді тұрғындарға Байқоңыр қаласына кіріп-шығу үшін алдын ала рұқсат алып, құжат тапсырудың қажеті болмайды. 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісіміне сай қазақстандықтар үшін қалаға кіру тәртібі жеңілдейді.

"Үкіметаралық келісім бойынша Байқоңыр халқы сырттан қонақ келетін болса, арнайы режим комиссиясына барып, келісім бойынша он күн бұрын өтініш беруі керек болатын. Сол келісімге өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс енгізілді", - дейді Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай.

Оның айтуынша, 1 желтоқсаннан бастап, адамдардың кіріп-шығуына жауапты маман ретінде Байқоңыр қаласы әкімдігінен бір адам отырады. Ол қалаға келген Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043896-1-zeltoqsannan-bastap-baiqonyr-qalasyna-kirip-sygu-tartibi-zenildeidi/