jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде демалыс күндері 15 градусқа дейін аяз күтілуде

Қураған жапырақтағы қар
Қар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 4-6 қарашаға арналған ауа райын болжамын ұсынды. Олардың болжамынша, алдағы күндері елімізде күн суытады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қаргидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы атлантикалық циклон өтеді.

Осыған байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Ал 4 қарашада күндізгі уақыттан бастап жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның төмендеуі күтіледі.

Мәселен, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасы -3...-15 градусқа дейін төмендесе, күндіз -3...+8 градус шамасында болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -2...+5 градус, таулы аймақтарда түнде -5...-10 градус, күндіз -5...+15 градус аралығында болады.

Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша түнде және таңертең уақыттарда тұман күтіледі.

Елімізде демалыс күндері 15 градусқа дейін аяз күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.