Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданына таза ауыз су берілді

Опубликовано:

Таза ауыз су
Фото: pixabay.com

Ақмола облысындағы шалғай ауданның тұрғындары жеті ай күтіп таза ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егіндікөл ауданының тұрғындары магистральдық желілердегі апаттардың салдарынан ұзақ уақыт бойы ауыз суды үзіліспен алып жүрген еді.

2023 жылдың мамырында ауданда жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған.

Еске сала кетсек, Егіндікөл, Қорғалжын және Атбасар аудандарында сумен қамту мәселесін шешу президенттің облыстың жаңа әкімін тағайындау кезіндегі алғашқы тапсырмаларының бірі болған еді. Облыста комиссия құрылып, оның құрамына Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары, су ресурстары комитетінің төрағасы, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының әкімдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы облыстық басқармасының басшысы, «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кірді. Комиссияны Марат Ахметжанов басқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, өңірде трассаның жаңа учаскелерін негізгі учаскелерге қосу бойынша нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, қосылу мерзімі келісілген.

16 қыркүйекте облыс әкімінің шақыруымен ауданға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келді. Ауданда құбырдың маңызды магистральдық бөлігін ауыстыру технологиясын өзгерту туралы жедел шешім қабылданды. Айта кетсек, ұзындығы 337 шақырым су құбыры Егіндікөл, Қорғалжын және Атбасар аудандарының 24 елді мекенін сумен қамту көзі болып есептеледі.

Қазіргі уақытта су құбырының реконструкциясы жалғасып жатыр. Екі мердігер ұйым жұмысқа тартылған. 42 шақырым траншея дайындалған. 11,2 шақырымнан асатын құбыр төселіп, оның 5,5 шақырымы ауыстырылды және пайдалануға берілді, қолданыстағы 6 шақырым полиэтилен құбыры қайта кесілді. Оның нәтижесінде Сабынды бастоғанындағы жалпы арақашықтығы 11 шақырым болатын магистральдық су құбырында мәселе шешілді.

Осылайша, Егіндікөл ауылы тұрғындарының үйлерінде алғаш рет жеті айдан кейін толыққанды су беру қайта басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044020-aqmola-oblysyndagy-egindikol-audanyna-taza-auyz-su-berildi/

pixel