jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Батыс Қазақстанда белгісіз індеттен мал қырылды

Сиыр
Сиыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ірі қара белгісіз індетке шалдығып, салдарынан қырылуда. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Шаруа қожалығы иелерінің айтуынша, ірі қара малдың індеті қарасан жұқпалы ауруына ұқсас келеді, бірақ малдың нақты қандай індетке шалдыққаны белгісіз.

Белгісіз ауруға шалдыққан мал ақсаңдап, келесі күні денесінде ісік пайда болып, құлайтын көрінеді. Шаруа қожалығының иелері ірі қара мал бұған дейін қарасанға қарсы екпе алғанын алға тартады.

"Бөрлі ауданы бойынша қарасанға ұқсас симпттомдармен ірі қара малы өліп жатыр. Олардың бірден-бір белгілері аяғында, төсінде, мойнында ісіктер пайда болады, губка секіліді су жинала ма? Соның салдарынан жеке қосалқы шаруашылықтарда, шаруа қожалықтарында ірі қара мал құлап жатыр. Неден екенін білмей отырмыз. Бәріне қарасанға қарсы вакцина жасалған", - деді Бөрлі аудандық фермерлер одағының төрағасы Бақыт Далабаев.

Сондай-ақ облыстық ветеринариялық басқарма мамандарының мәліметіне сүйенсек, Бөрлі ауданында 10 мал өлген. Алғашында жеті бас өлген, соның ішінде үш ірі қарадан сынама алынған. Алайда сынама нәтижесі бойынша қарасан не сібір жарасы анықталмаған.

Сонымен қатар 30 қарашада өлген үш ірі қара малдың талдама қорытындысы әлі шықпаған.

"Ол 8-10 күн ішінде шығады. Тап сол қарасан сол аурудан болып тұр деп зертхана қорытындысынсыз айта алмаймыз. Мал ауырып өлді деген күдік болған кезде дәл қай ауру деп мал дәрігері қорытынды шығарады. Сосын сібір жарасы секілді ұқсас ауруларды да қарайды. Ол тек бір ауруға тексермейді", - деді БҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Кенжебек Аймашев.

Батыс Қазақстанда белгісіз індеттен мал қырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.