jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада 4 қарашадан бастап жаңа маршрут іске қосылады

Астана қаласы
Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

4 қарашадан бастап "Үркер" тұрғын үй алабынан "Нұрлы жол" теміржол вокзалына дейін қатынайтын №66 бағыттағы жаңа автобустар іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігі ресми сайтында.

Әкімдік мәліметінше, бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.

"Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ, "Үркер" ТА мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж. Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ. Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ "Үркер" тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады", - делінген хабарламада.

Қала әкімдегі №66 бағдар қолданыстағы № 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтатынын мәлім етті.

Астанада 4 қарашадан бастап жаңа маршрут іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.