jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Сенбіде Қазақстан бойынша жел күшейіп, солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін

тұманды күн
Тұманды күн. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сенбі, 4 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстікте кей жерлерде жаңбыр, қар жуып, көктайғақ болуы мүмкін.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Бұдан бөлек, OpenWeather порталының синоптиктері 4 қарашада еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 14 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 1,7 м/с.

Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,8 м/с.

Шымкентте бүгін күн ақша бұлтты болады деп күтілуде. Десе де күндіз термометр бағаны 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с деңгейінде болмақ.

Сенбіде Қазақстан бойынша жел күшейіп, солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.