jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қызылорда облысында ауыл келіншектері арасында ерекше сайыс өтті (видео)

Қол күрестіріп жатқан келіншектер
Қол күрестіріп жатқан келіншектер. Видеодан кадр: "Хабар 24"

Қызылорда облысы Ақжар ауылының келіншектері арасында қол күрестен сайыс өтті. Тұрғындардың ерекше назарын аударған сайысқа жиырмаға жуық келіншек қатысты, деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, Ақжар ауылының тұрғындары соңғы жылдары қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеуді дәстүрге айналдырған. Ал қыз-келіншектер арасында қол күресінен сайыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Сайыста қарсылас шыдатпаған Айнұр Асқарбаева жеңімпаз атанса, Асылсат Естан екінші орынды иеленген.

"Үш келіншекпен күш сынастым. Үшеуінде жеңдім. Ауылдың келіншектері өте мықты. Егін егеміз, мал шаруашылығында жүреміз деген сияқты, әйел заты біз көп нәрсені игеріп кетеміз", - дейді Айнұр Асқарбаева.

Жалпы Ақжар ауылының өрендерінің басым бөлігі – қазақ күресімен шұғылданады екен.

"70-тен астам балуан белдесіп жүр. Солардың ішінен Қазақстанның жеңімпаздары шықты. Осы жақын арада бір бала Қазақстан чемпионы болды. Бір баламыз биыл Семей қаласында жасөспірімдер арасында өткен жарысты қазақ күресінен қола жүлдегер атанды", - дейді жарыстың бас төрешісі Мұқамбетқали Таубаев.

Қызылорда облысында ауыл келіншектері арасында ерекше сайыс өтті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.