jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Колледжге оқуға кетіп, оралмаған": Абай облысында 15 жастағы қыз іздестірілуде (фото)

Жасөспірім қыз
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы Ефанова Валерия Александрованы іздестіруде, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жасөспірім қыз 2 қараша сағат 8:30-да колледжге оқуға кетіп қазіргі уақытқа дейін оралмаған.

Валерия Ефанованың белгілері: арықша келген, көзінің түсі жасыл, шашы ақ сары түсті, иығынан жоғары.

Үстінде екі жағында киюге болатын ақ-хаки түсті күрте, аяғында ақ түсті кроссовка, сондай-ақ ақшыл түсті рюкзагы болған.

Полиция жасөспірім қыздың орналасқан жері туралы қандай-да бір ақпарат болса +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарласуды сұрайды.

"Колледжге оқуға кетіп, оралмаған": Абай облысында 15 жастағы қыз іздестірілуде (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.