jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Тұман мен көктайғақ: еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

5 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.

5 қарашада Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында және Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Ккүші — 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді

Абай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында — тұман, көктайғақ. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың орталығында жылдамдығы — 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың орталығында жел екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман болады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.  

Тұман мен көктайғақ: еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.