jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

8 қарашада Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді

Теледидар пульті. Көрнекі сурет
Теледидар пульті. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Келесі аптада Қазақстанда телерадио хабарларын таратуды жақсарту мақсатында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты 8 қарашада теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадиоға" сілтеме жасап.

Компания сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, "Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Осыған байланысты, осы жылдың 8 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз", - делінген ресми хабарламада.

Ұйым өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

8 қарашада Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.