jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Польша әуе компаниясының Алматыға ұшуына тыйым салынған ба: ААК жауап берді

Ұшақ борты
Ұшақ борты. Көрнекі фото: pixabay.com

Интернетте поляк әуе компаниясын Алматыға "кіргізбеді" деген ақпарат тарады. Азаматтық авиация комитеті әуе компаниясының бұл қалаға неліктен ұшпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде алматылықтар LOT Polish Airlines әуе компаниясының Алматыдан ұшуға бас тартқанын айтып шағымданған еді.

Азаматтық авиация комитеті бұл пікірлердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

"LOT Polish Airlines Астанаға рейстерді 2017 жылдан бастап жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Польшаның астанасы арасындағы рейстер аптасына 3 рет (дүйсенбі, сейсенбі, жұма) орындалады.

Алматы әуежайында "ашық аспан" режимі бар, шетелдік әуе компанияларға ұшуға шектеу жоқ. LOT Polish Airlines әуе компаниясынан Алматы әуежайына рейстерді орындауға сұраныс түскен жоқ", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінен.

Айта кетейік, қазан айының соңында Алматыдан Оралға 2 күн бойы ұша алмай қалған 140 жолаушы жанжал шығарып, әуежайда түнегенін жазған едік.

Польша әуе компаниясының Алматыға ұшуына тыйым салынған ба: ААК жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.