jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы болған Зинаида Жукова дүниеден озды

Зинаида Жукова
Зинаида Жукова. Фото: instagram.com/museumkunaev

Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы болып 20 жылдан астам қызмет еткен Зинаида Жукова дүниеден озды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қонаев музейінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды", - делінген музей хабарламасында.

Қонаев музейінің ұжымы Зинаида Жукова туған-туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, белгілі саясаткерге арналған ресми сайттың мәліметіне сүйенсек, Дінмұхамед Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.

Дінмұхамед Қонаев 44 жылдан астам Қазақстанның жоғарғы басшылығында қызмет етті. Ол 24 жыл бойы ел басқарса, 20 жылдан астам уақыт СОКП Орталық Комитеті саяси бюросының мүшесі болды.

Дінмұхамед Қонаев 1964-1986 жылдар аралығында Қазақ КСР басшысы болды.

Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы болған Зинаида Жукова дүниеден озды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.