Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңыр мектептерінде Қазақстан тарихы мен қазақ тілі оқытыла бастайды

Опубликовано:

Байқоңырдағы мектеп оқушылары
Байқоңырдағы мектеп оқушылары. Видеодан кадр: "Хабар24"

Байқоңыр мектептерінде Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері пайда болады. Бұл жаңашылдық Ресей стандарттары бойынша жұмыс істейтін оқу орындарында да болады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Мұндай шешім Қазақстан және Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында қабылданған. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Байқоңырда 5 мектеп қазақстандық стандарттар бойынша, тағы 7 мектеп ресейлік стандарттар бойынша оқытады. Көрші ел стандартымен оқытатын мектептерде еліміздің екі мыңнан астам азаматы оқиды.

"Қазіргі уақытта бұл пәндер Янгель атындағы №7 мектепте енгізілген. Оқыту 5, 6, 8 және 9-сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Алдағы уақытта бұл оқу пәндері Байқоңырдың қалған ресейлік мектептерінде де пайда болады", - деп түсіндірген телеарна тілшісіне аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жадыра Алданова.

Телеарна тілшілері мектептердегі пәндерден басқа, Байқоңырда өзге де өзгерістер болып жатқанын айтады.

"Мысалы, қазақ тіліндегі маңдайшалар, жарнамалық және ақпараттық баннерлер пайда болды, көшелерге қазақ ақындары мен соғыс батырларының есімдері берілген. Сондай-ақ қалада Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік мерекелері атап өтіледі", - делінген сюжетте.

Айта кетейік, Байқоңыр – Қазақстанның жалға беру жағдайында жұмыс істейтін әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2004 жылғы 9 қаңтарда еліміз бен Ресей федерациясы арасында "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды, ол жалдау мерзімін 2050 жылға дейін ұзартуды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044451-baiqonyr-mektepterinde-qazaqstan-tarixy-men-qazaq-tili-oqytyla-bastaidy/

pixel