Дауылдық ескерту: 8 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел тұрады деп күтілуде
Жарияланған күні:

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, 8 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және Астана мен Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сондай-ақ 8 қарашада Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Бұдан бөлек, оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында кей уақытта 23 м/с болады.
Таңертең және күндіз Шымкент және Түркістан қалаларында да екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады.
8 қарашада күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
8 қарашада түнде Ұлытау облысының солтүстігінде де екпіні 18 м/с болатын жел тұрады деп күтілуде.
8 қарашада күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және Ақтау қаласында жел (күші 15-20 м/с) тұрады.
8 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түсіп, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
8 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044601-dauyldyq-eskertu-8-qarasada-elimizdin-birnese-onirinde-tuman-tusip-zel-turady-dep-kutilude/