jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қар аралас жаңбыр, тұман": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қураған жапырақтағы қар
Қар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады.

Республика бойынша жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Атап айтқанда, 9 қарашада еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, 10 қарашада батыс өңірлерде, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

Сонымен қатар 11 қарашада еліміздің шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде -2...+3 градус болса, таулы аудандарда -5...-10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

"Қар аралас жаңбыр, тұман": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.