jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Кісен мен доллар
Доллар мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысының полиция департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде болған 32 жастағы Қазақстан азаматын Түркия Республикасының аумағында тұтқындады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-портал мәліметінше, ер адам облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілген.

"Ол Oceans Enterprise компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топты ұйымдастырушылардың бірі болды. Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты", - деп жазылған басылымда.

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түскен. Ал алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге.

"Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасалып, нәтижесінде ол Астана қаласына жеткізіліп, қамауға алынды", - делінген медиа-порталда.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.