Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркияға барып, демалдым": Англияға кеткен қазақстандық бір жылда қанша табыс тапқанын ашып айтты

Опубликовано:

Англияға маусымдық жұмысқа барып келген Александр Корнев
Англияға маусымдық жұмысқа барып келген Александр Корнев. Фото: yk-news.kz

Өскеменнің 36 жастағы тұрғыны Александр Корнев кеңседегі әдеттегі жұмысынан шығып, Англияға көкөніс жинауға жарты жылдық жұмысқа аттанған. Ер адам YK-news.kz сайтына берген сұхбатында қанша табыс тапқанын, жұмысының қыр-сырын айтып берді.

Ер адам ТМД тұрғындарын Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыстарға жұмысқа орналастыратын компанияның сайтында тіркеліпті. Былтырғы қазан айының ортасында ол сауалнаманы толтырып, компания шешімін күткен. Көпшілік тестілеу мен әңгімелесу рәсімдерінен өткеннен кейін отандасымызға Англияда спаржа жасау бойынша жұмысқа тұруға ұсыныс түскен.

Жұмысы аптасына 48 сағат болуы керек екен, бірақ Александр 60 сағатқа жеткізіп жұмыс істепті.

"Жұмыс күні таңғы алтыда басталады. Тракторлардың артынан жүріп отырып, спаржа өсімдігін кесіп отырамыз. Осылайша тоқтаусыз төрт сағаттан істедік. Трактор айналып, бұрылатын кезде ғана су ішіп, шалбарымызды немесе аяқ-киімімізді реттеп алуға тырысатынбыз. Төрт сағаттан кейін брейк болады. Бұл тамақтанып алуға болатын 15 минуттық үзіліс", - дейді ол.

Англияға маусымдық жұмысқа барып келген Александр Корнев
Англияға маусымдық жұмысқа барып келген Александр Корнев. Фото: yk-news.kz

Жұмысындағы басты қиындығым деп Александр еңкейіп істегеннен арқасы ауырғанын атап отыр. Ал демалыс күні біреу ғана екен – жексенбі. Осылай 3 ай істеген жұмысынан ол жидек теру жұмысына ауысқан.

Қыркүйекте келісімшарт пен виза уақыты аяқталып, қазанның басында Александр Өскеменге оралған.

"Жұмысқа барғаныма өкінбеймін. Мақсатқа жеттім. Шамамен 4 миллион теңгедей ақша таптым. Түркияға барып, демалдым. Көп әсер мен эмоция алдым. Аптасына бір ғана демалыс күні болса да, Ұлыбританияны көріп үлгердім", - дейді отандасымыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044742-turkiyaga-baryp-demaldym-angliyaga-ketken-qazaqstandyq-tabysy-turaly-asyp-aitty/

pixel