jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Математикалық сауаттылықтан ҰБТ-ны қалай сәтті тапсыруға болады: мұғалімнен 5 кеңес

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Биыл негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы БҒМ мәлімдеген болатын. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі ҰБТ кезінде түлектер үшін оңайға соқпайтын математикалық сауаттылық пәнінен тестті қалай сәтті тапсыруға болатынын математика пәнінің мұғалімі Ноғаева Сандуғаштан біліп көрді.

"Математикалық сауаттылық" бағдарламасы бойынша қолданбалы курс әзірлеуді қолға алған Ноғаева Сандуғаштың ұстаздық етіп жүргеніне 30 жылдың жүзі болды. Талай түлекті ҰБТ-ға дайындап, жоғары балл жинауына ілекер болған мұғалім тестті сәтті тапсырудың 5 жолын айтып берді. Олар:

  1. Математиматикалық сауаттылықты жақсы тапсыру үшін біріншіден шапшаң есептеу тәсілдеріне барынша көңіл бөлу керек;
  2. Мынадай жеті бағыт бойынша білімді пысықтап, жан-жақты дайындалу керек: математиканың таңғажайып құпия сырлары, жиындар және сандар теориясы, мәтіндік есептер, графиктермен, кестелермен берілетін есептер, логика элементтері, комбинаторика және ықтималдылық, геометриялық мағынадағы есептер;
  3. Мектеп психологтарымен тұрақты жұмыс жүргізіп, тестілеу күніне психологиялық тұрғыдан дайын болу керек;
  4. Мектептегі онлайн тесттерді топпен талқылап, қателермен тұрақты түрде жұмыс жасау керек;
  5. Тест шешудің оңай тәсілдерін (лайфхактарды) анықтап, пайдалана білу керек.
Математикалық сауаттылықтан ҰБТ-ны қалай сәтті тапсыруға болады: мұғалімнен 5 кеңес

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.