Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жағдайда туристік агенттіктен моральдық шығын талап етуге болады

Опубликовано:

Турист
Турист. Көрнекі фото: pixabay.com

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдері саяхатшылар қандай жағдайда моральдық шығын талап етуге құқылы екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Комитеттегілер бірінші кезекте "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның баптарымен танысу қажет дейді. Мамандар материалдық және моральдық шығын талап ету мәселесін Ыстықкөлге туристік жолдама сатып алған клиенттің мысалында түсіндірді.

"Осы жылдың қыркүйек айында туристік агенттіктердің бірінде тұтынушы Ыстықкөл қаласындағы №27 жолдаманы "Сәулелі жағалау" пансионатына 5 күнге сатып алды. Жоғарыда көрсетілген жолдамаға сәйкес "Сәулелі жағалау" пансионатында тұруға және 3 рет тамақтануға кепілдік берілді. Келген кезде бұл компанияға орын жоқ екені белгілі болды.

Компания директорымен сөйлескеннен кейін тұтынушыға "Ыстықкөл" турбазасында тең демалыс уәде етілді. Бірақ "Ыстықкөл" турбазасы суы да, демалу үшін басқа да жағдайлар болмаған тұрғын үймен қамтамасыз етті", - делінген мысалда.

Осы кезде турист туристік фирманың қызметінен бас тартуды ұйғарған. Елге оралғанна нкейін тұтынушы материалдық шығынын және жолдама құнын қайтарып алған. Бірақ туристік фирма кінәсінен туындаған қолайсыздықтар үшін қызметкерлер тарапынан кешірім сұрамаған.

"Бұл демалыс туристік фирманың кінәсінен бүлінген деп айтуға болады. Алайда тұтынушыға моральдық зиянды өтеуден бас тартқан. Жағдайдың маңызды өзгерістеріне саяхат жағдайының нашарлауы, саяхат уақытының өзгеруі сияқты жағдайлар жатады.

Ел заңнамасына және шарттық қатынастарға сәйкес, тұтынушы туристік жолдама шарттарын орындамаған жағдайда барлық шығынды, оның ішінде моральдық зиянды өтеп алуға құқылы", - деп түсіндірді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044859-qandai-zagdaida-turistik-agenttikten-moraldyq-sygyn-talap-etuge-bolady/

pixel