Нұрлан Мәсімовтің тергеу изоляторынан сотқа баруына рұқсат берілмейтін болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Павлодар облыстық сотында Павлодар облыстық ПД бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің, оның бұрынғы орынбасарының және кәсіпкерлердің бірінің апелляциялық шағымы қарала бастады. Оларға сотқа онлайн байланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Отырыста Нұрлан Мәсімов екі өтініш айтты. Бірінші өтінішінде ол бірінші сатыдағы сот отырысының бейнежазбаларын қарауға қосымша уақыт сұрады.
Оның бұл өтініші қанағаттандырылып, істі қарау екі аптаға шегерілді.
Екінші өтінішінде ол сот процесіне онлайн емес, келіп қатысу мүмкіндігін сұрады. Барлық тарап пікір білдірді, тек мемлекеттік айыптаушы ғана қарсы болды.
Істі қарау кезінде Нұрлан Мәсімов, Дамир Сиразидимов және Евгений Евкович тергеу изоляторында қалатын болды.
"7 айға жуық сотқа келіп қатыстық. Ал қазір сотталушыны сотқа шақыруда бір мәселе бар. Сот сотталушы үшін болып жатыр. Онсыз соттың еш мәні жоқ. Бәрі сотталушыға қатысты болса да, бірақ олар оны сотқа шақырғысы келмейді", - деді Нұрлан Мәсімовтің адвокаты Дмитрий Куряченко.
Нұрлан Мәсімовке қатысты іс
Еске сала кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шілде айында ол шекарадан өтпек болған жерінен ұсталған.
Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары болған Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е. Евкович ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.
Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Алайда сот барысында пара мөлшері 86 млн теңге екені белгілі болды.
Биылғы тамызда Нұрлан Мәсімов, Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты сот үкімі шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044904-nurlan-masimovtin-tergeu-izolyatorynan-sotqa-baruyna-ruqsat-berilmeitin-boldy/