Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бүгін Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы сот залынан NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрлан Мәсімовке қатысты шешімді сот алқасы қабылдады.

Сот үкіміне сәйкес, Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол полиция генерал-майоры атағынан айырылып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына алыстатылды.

"Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы Қылмыстық кодекстің 366 бабы 4-бөлігі ("Пара алу"), 189 бабы 2-тармағының 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену") және 392 бабы 1-бөлігі ("Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша мүлкі тәркіленіп, кінәлі деп танылсын", - делінген сот үкімінде.

Дамир Сиразидимов болса 8 жылға бас бостандығынан және полиция полковнигі атағынан айырылды.

Ал тергеу нұсқасы бойынша пара берді деп айыпталған Евгений Евкович жеті жылға бас бостандығынан айырылып отыр.

Нұрлан Мәсімовке қатысты іс

Еске сала кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шілде айында ол шекарадан өтпек болған жерінен ұсталған.

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары болған Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е. Евкович ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Алайда сот барысында пара мөлшері 86 млн теңге екені белгілі болды.

Сондай-ақ 2023 жылғы 6 қаңтарда Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен болатын.

Ал биылғы жылдың 10 ақпанында Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты екі әкімшілік іс қаралғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032005-nurlan-masimovke-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel