jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, қар, 18 градус жылы: алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Қолына кісен салынған әйел
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 11-13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, дегенмен қараша айы үшін жылы ауа райы күтіледі. Сонымен қатар түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндізгі уақытта негізінен жаңбыр жауады деп болжанады.

11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) күтіледі.

12 қарашадан бастап жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы +8...+18 градусқа дейін жоғарылайды деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Жаңбыр, қар, 18 градус жылы: алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.