jitsu gif

ҰҚК Сириядағы лаңкестердің қатарында болған қазақстандықты елге қайтарды

Сириядан оралған қазақстандық
Сириядан оралған қазақстандық. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайты

Қарашаның 10-ы ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бері Сирияда террористік топтар құрамында болған Қазақстан азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында.

Ведомство хабары бойынша, елге қайтарылған азамат радикалдық идеялардан көңілі қалғанын, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткенін, одан соң отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді жөн көргенін айтқан.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қазақстандық бұл әрекетімен лаңкестердің қатарында қызмет етіп жүрген басқа да адамдарға одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың еш мәнісі жоқ екенін көрсетпек болған.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

ҰҚК Сириядағы лаңкестердің қатарында болған қазақстандықты елге қайтарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.