Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтада болған апат: облыс әкімі өзін қандай сезімде екенін айтты

Опубликовано:

Ермағанбет Бөлекпаев
Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: Қарағанды қаласының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифингте "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында болған төтенше жағдайға қатысты өзін жауапты деп санай ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыс әкімі "АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы жайтқа қатысты сауалдарға жауап берді. Журналистер одан кейбір заңбұзушылықтарға "көз жұма қарауға" мәжбүр болды ма және "ескі Қазақстан" тарапынан қандай да бір қысым көрсетілді ме деген сұрақтар қойылған.

"Ескі Қазақстан" тарапынан ешкім ықпал еткен емес, етпейді де", - деп қысқаша жауап берді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол Костенко атындағы шахтада болған оқиға үшін моральдық және психологиялық жауапкершілікті сезінетінін айтты.

"Әрине, десе де моральдық және психологиялық жауапкершілік сезіледі ғой. Бұл үлкен қайғы, бірақ болашақта мұндай жағдайдың алдын алу үшін қолымыздан келгенімізді жасаймыз. Маман ретінде мен оның алдын ала алмадым. Негізі бұл мәселемен АМТ мен көмір департаментінің басшылары айналысуға тиіс еді, оларға көбірек сұрақ қою керек шығар.

Біз бұл мәселелерді өз деңгейімізде қарастырған едік, көмір департаменті мен АМТ басшыларына тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілген болатын", - деп түсіндірді Ермағанбет Бөлекпаев.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаза тапқан 17 кеншінің балаларына әлеуметтік жәрдемақы мен төлем белгіленгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045261-qaragandy-oblysyndagy-saxtada-bolgan-apat-oblys-akimi-ozin-qandai-sezimde-ekenin-aitty/