jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қазарнаулыэкспорт" басшысы екі айға қамалды

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталған "Қазарнаулыэкспорт" кәсіпорнының басшысы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана соттары Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Рамазановты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабардар етті соттан.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайтынын мәлім етті.

Еске салайық, бұған дейін Астанада "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшылары ұсталғаны туралы жазған едік.

Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

"Қазарнаулыэкспорт" басшысы екі айға қамалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.