Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған полиция бастығы туралы не білеміз

Опубликовано:

Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

Бүгін Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Жоғары лауазымды полицей қандай іс-әрекетімен ел есінде қалды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2019 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің сол кездегі басшысы Марат Күштібаевқа қатысты YouTube желісінде жарияланған аудиожазбаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілген болатын.

Аудиожазбада белгісіз ер адам өз қарамағындағы полиция қызметкерлерін бейәдеп сөздермен ұрысып жатқанын естуге болады. Бұл жанжалдан кейін ол қызметінен босатылған еді.

Ал сол жылдың желтоқсанында Алматы облысы Талғар ауданы ПБ басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген Марат Күштібаев Bek Air ұшағы құлаған жерге келіп, қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген еді.

2023 жылдың тамызында желіде оның қатысуымен көпшілік арасында тағы бір резонанс тудырған аудиожазба пайда болды.

"Әлеуметтік желіде Талдықорған қалалық ПБ бастығы Марат Күштібаевтың қол астындағы қызметкерлеріне бейәдеп сөз айтқан аудиожазбасы тарап жатыр. Ең қызығы, осыған ұқсас мінез-құлқы үшін Ішкі істер министрі 2019 жылы оны Алматы облысы жергілікті ПБ басшысы қызметінен босатқан еді", - делінген хабарламада.

Кейін Жетісу облысы полиция департаменті аудиожазбаны тексергенін мәлімдеді. Анықталғандай аудиожазбадағы дыбыс ескі әрі биыл қаңтарда қызметтік тексеріс жүргізілген кезде түсірілген видеоның бір бөлігінен көшірілген. Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша Марат Күштібаев наурыз айында қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны туралы жазған едік. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045477-taldyqorganda-qyz-zorlady-degen-kudikpen-ustalgan-policiya-bastygy-turaly-ne-belgili/

pixel