Алматы облысында полиция бастығы желідегі шулы жазба үшін жұмыстан шеттетілді
Опубликовано:
Алматы облыстық полициясы жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаев өз қызметінен уақытша шеттетілді. Оған себеп-Youtube желісінде жарияланған аудожазбаға қатысты ішкі тексерістің жүргізілуі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
![Марат Күштібаев. Фото: 7sunews.kz Марат Күштібаев. Фото: 7sunews.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/3f42c539419af8c3.jpeg)
Министрліктің хабарлауынша, аталған жазба ведомствоға тексеріс үшін жолданған.
Артынша, 19 қыркүйек күні Ішкі істер министрінің қаулысымен Күштібаев уақытша өз қызметінен шеттетілді.
"Жеке қауіпсіздік департаментіне қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды",- деді ІІМ-де
Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, аудиожазба Күштібаевтың суретімен жарияланған. Онда белгісіз біреу қол астындағыларды сынап жатқанын және арасында мәдениетсіз сөздер айтқанын аңғаруға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817833-almaty-oblysynda-policia-bastygy-zelidegi-suly-zazba-sin-zmystan-kuyldy/