jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда 15 қарашада жаңа автобус бағыты іске қосылады

Автобустар
Автобустар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертеңнен бастап Алматы қаласында жаңа маршрут іске қосылады. Автобус Алматы облысындағы Gate City тұрғын үй кешеніне дейін барады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 15 қарашадан бастап қала көшелерінде Райымбек батыр стансасынан Іле ауданындағы Gate City тұрғын үй кешеніне дейін қатынайтын N 89 автобус бағыты іске қосылады.

Әкімдік МАЗ-203069 маркалы 13 автобусы қатынайтынын, қозғалыс аралығы 8 минутты құрайтынын айтты.

Сондай-ақ ведомство жыл басынан бері жаңа 10 қалалық және қала маңындағы маршруттардың ұйымдастырылғанын, 22 автобустың жаңартылғанын еске салды.

Еске сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Алматыда Мыңбаев ауылына дейін баратын жаңа жолаушылар маршруты қатынай бастағанын жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.