Экс-министр Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро орталығының" директоры қамауға алынды
Жарияланған күні:
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған "Гастро орталығының" директоры 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қалалық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.
"БАУ" мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында "Гастро орталығының" директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды.
Ол Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша қылмысты жасырды деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.
Елордалық полиция департаменті тергеу жалғасып жатқанын, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейтінін мәлім етті.
Бишімбаев ісі
Бұған дейін әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған.
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
Сонымен қатар 10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тараған. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталғанын жазған едік.
12 қарашада Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045631-eks-ministr-bisimbaevtyn-aieli-qaitys-bolgan-gastro-ortalygynyn-direktory-qamauga-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.