jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел мен тұманға байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

15 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

15 қарашада Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

15 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

15 қарашада Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

15 қарашада Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

15 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

15 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

15 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

15 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

15 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

15 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел мен тұманға байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.