Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлық кабинетте болғаны рас". Адвокат полиция басқармасы бастығының ісі туралы айтты

Опубликовано:

Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: Жетісу облысының Полиция департаментінің сайты

Талдықорғандағы полиция басқармасы бастығының кабинетінде зорланған қыздың адвокаты оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол Марат Күштібаевтың 27 жастағы әйелді қорлағанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті деп отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Арна тілшілеріне сұхбат берген адвокат Нұрлан Молбаевқа жәбірленуші жексенбіде хабарласқанын айтқан. Оқиғаның қалай болғанын айтып құқықтық көмек сұраған. Осыдан кейін ол басқарма бастығының басынғанын айтып, дереу ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік қызметіне шағымданған.

Айналдырған бірер сағат ішінде бастықтың кабинетіне тінту жасалып, айғақтар алынған. Сараптама да жасалған.

Ал жәбірленушінің қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін адвокат жоққа шығарып отыр. Керсінше, 27 жастағы жәбірленушіні тыныштықты бұзған басқа адамға қарсы шағым жаздыру үшін басқармаға әкелген екен. Бірақ бастық күш қолданып, оны өз кабинетінде зорлаған. Қазір ауыр айып тағылған Марат Күштібаев тергеу абақтысында отыр. Осы қылмысқа қатысты тергеу ішкі істер министрінің тікелей бақылауында.

"Кабинетті қарап, тінткен кезде барлық айғақ зат алынды. Сараптама да жасалды. Күдікті қамауда отыр. Ал менің қорғауымдағы жәбірленуші ешқандай заң бұзбаған. Хаттама да толтырылмады. Керсінше, оған басқа адамның қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін полиция қызметкерлері "арыз жаз" деп өтініш білдірген. Ал ол бас тартқан. Зорлықтың кабинетте болғаны рас", - деп сұхбат берді адвокат Нұрлан Молбаев.

Бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының бастығы қамауға алынғанын жазған едік.

Еске салайық, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045769-zorlyq-kabinette-bolgany-ras-advokat-policiya-basqarmasy-bastygynyn-isi-turaly-aitty/

pixel