Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бар үстелшесі мен камин: Екібастұзда мектеп басшылығы мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу кезінде қателік жіберген

Опубликовано:

Алауошақ орнатылған бөлме
Алауошақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұзда мектеп басшылығы мемлекеттік сатып алу сайтында бар үстелшесі мен алауошақ (камин) сатып алуды жоспарлаған. Екібастұз қаласы білім бөлімінде жайтқа қатысты пікір білдірді. Комиссия тексеру жүргізіп, лот бойынша қате кеткенін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Аймақтық басылым мәліметіне сүйенсек, Екібастұздағы №11 мектебі атынан алауошақ пен орындықтар, жарықдиодты шамдар сатып алу бойынша лот жарияланған. Тиісті лот мемлекеттік сатып алу сайтында пайда болды. Бұл лот комиссия өкілдеріне ерекше көрініп, қызметтік тексеру жүргізуге негіз болған.

Мектеп басшылығы мұғалімдер кабинетін заманауи стильде рәсімдеп, Teacher Office-ке айналдырғысы келгенін түсіндіріп, сатып алу бойынша тендер жариялағанын айтты. Сондықтан кабинетке ыдыс-аяғы, электр құралдары сынды барлық жабдығы қарастырылған үстел қажет болған.

"Мектепте мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман тізім ішінен іріктеп отырып кестені толтырған кезде техникалық ерекшеліктерді дұрыс таңдамаған", - деді білім бөлімі басшысы Лаура Дисюпова қызметтік тексеру қорытындысын ұсынып.

Басылым жазуынша, осылайша білім мекемесі басшылығына мемлекеттік сатып алудан бас тарту туралы ұсыныс жасалды. Бірақ заманауи Teacher Office кабинетін ұйымдастыру мақсатында қажетті тауардың техникалық ерекшеліктері туралы ақпарат өзгертіліп, тендер қайтадан мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланады. Ал алауошақ сатып алу бойынша лот өшірілген.

Сондай-ақ қызметтік тексеру қорытындысына сәйкес, мектеп директоры мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу кезінде процесті жіті бақыламағаны үшін сөгіс, ал мектеп маманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру ережелерін бұзғаны үшін қатаң сөгіс естіді.

Еске салайық, бұған дейін Астана полиция департаменті 40 млн теңгеге екі кондиционер сатып алуды жоспарлағаны туралы жазған едік.

Тиісті лот мемлекеттік сатып алу сайтында пайда болған. Қымбат құрылғы сатып алуға байланысты елордалық ПД пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046167-bar-ustelsesi-men-kamin-ekibastuz-mektebine-arnalgan-erekse-tender-qate-dep-tanyldy/

pixel