jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

"2 миллиард теңге шығын": Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген киік мүйіздері табылды

Табылған киік мүйіздерін тәркілеу сәті
Табылған киік мүйіздерін тәркілеу сәті. Фото: polisia.kz

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркілеген. Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылыпты. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

Қоймасынан осы мүйіздер табылған ұрғын ұсталды.

"Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

"2 миллиард теңге шығын": Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген киік мүйіздері табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.