jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елімізде күн суытуы мүмкін

Қар басқан көше
Қар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер 18-20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 18 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын күтіледі, оның арты қарға ұласуы мүмкін.

19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Одан бөлек, Қазақстанның басым бөлігінде температурасы күрт төмендеуіне мүмкін.

Мәселен, солтүстік-батыста түнде -3...-13 градусқа дейін, күндіз -7...+5 градус, солтүстікте, орталықта, шығысында түнде -8...-16 градусқа дейін, күндіз -2...-10 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді. Мұнда түнгі уақытта -3 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста түнде -6 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Республика бойынша жел күшейіп, екпіні 15-29 м/с жетуі ықтимал. Ал солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады. Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түсуі мүмкін.

Алдағы күндері елімізде күн суытуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.