jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде тағы бір жаңа кәсіби мереке пайда болды

Әуежай
Ұшақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды. Енді 1 ақпан - Азаматтық авиация қызметкерлері күні, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті Telegram-дағы ресми арнасында.

Комитет мәліметінше, 2023 жылғы 17 қарашада rәсіби мерекелердің тізбесі қайта бекітілді, оған сәйкес 1 ақпан Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні болып белгіленді.

Кәсіби мерекені бекіту туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация соғысы және еңбек ардагерлерінің Біріккен Кеңесінен келіп түскен.

"Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмысты атқарды және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады", -делінген хабарламада.

Азаматтық авиация комитеті бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән беріп, мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға түрткі болатынын мәлімдеді.

Елімізде тағы бір жаңа кәсіби мереке пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.