Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жеті жасар қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Милана Давыдова
Милана Давыдова. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Павлодар облысында жеті жасар қыз жоғалып кетті. Мектеп оқушысы 17 қарашада үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны тәулік бойы іздестіріп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыздың жоғалғаны туралы арыз Екібастұз қаласының полициясына 17 қарашада сағат 21:15-те келіп түсті. Дереу дабыл бойынша полицияның жеке құрамы көтеріліп, баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды. Оны іздестіруге Vita еріктілері мен бей-жай қарамайтын азаматтар қосылды.

Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Қызы Милана онда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.

Полиция осы факті бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.

Давыдова Милана, 2015 жылы туған, Қоянды ауылдық округінің Бесқау ауылындағы мектептің 3 сынып оқушысы. Бойы 128-130 см, арық дене бітімі, көздері қоңыр, шаштары ақшыл. Үстінде қара күрте, ашық жасыл түсті трико, сұр түсті куртка, қара етік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046430-pavlodar-oblysynda-zeti-zasar-qyz-zogalyp-ketti/

pixel