jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақтөбе облысында "әжемізге барамыз" деп үйден шыққан апалы-сіңлілі оқушы қыздар із-түзсіз жоғалды

Қыз балалардың аяқтары
Орындықта отырған қыз балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысы Қобда ауданында тұратын келіншек қос қызына іздеу жариялады. Кеше кешкілік үйден шыққан мектеп оқушылары іс-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қобда ауданы Бесқұдық ауылында тұратын 13-14 жастағы апалы-сіңлілі қыздар үйінен кеше кешкі сағат 16:00 шамасында шыққан. Кәмелет жасқа толмағандарды іздеуге Ақтөбе облысы ПД жеке құрамы және Zello Poisk еріктілері жұмылдырылды.

"Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінен 12 адам, Қобда полиция бөлімінің 15 қызметкері іздестіруге жұмылдырылды. Барлық аудандық полиция бөлімдеріне хабарламалар таратылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның айтуынша, 8-9 сыныптарда оқитын қыздар кеше кешкілік анасына Хромтауда тұратын "әжемізге барамыз" деп кеткен. Әзірге қыздарды көргендер жоқ.

Қыздардың бірі үйден шыққанда басында қоңыр түсті орамал тағып, қоңыр күрте, аяғында қара түсті етік киген. Ерекше белгілері - шашы ұзын қара түсті, бойы шамамен 168-170 см, дене бітімі арық. Ал сіңілісі сұр түсті күрте, аяғында қара түсті етік киген. Ерекше белгілері шашы қоңыр, бойы шамамен 160-173 см, арық денелі. Екеуінің де қолында рюкзак бар.

​Полиция қандай да бір ақпарат болса 102 немесе 8-776-546-66-66 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

Автор: Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысында "әжемізге барамыз" деп үйден шыққан апалы-сіңлілі оқушы қыздар із-түзсіз жоғалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.