Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол алаңының қақ ортасында тұрған электр бағаны Қазнетті таңғалдырды

Опубликовано:

Қостанайдағы №17 мектептің футбол алаңы
Қостанайдағы №17 мектептің футбол алаңы. Фото: instagram.com/qumash_kz

Футбол алаңының ортасында тұрған электр бағаны қайдан пайда болғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Футбол алаңының қақ ортасында тұрған электр шамының суреті Qumash_kz паблигінде жарияланды. Қолданушылар таңғалған бұл сурет Қостанайдағы №17 мектептің маңында түсірілгені анықталды. Бұл алаң білім беру мекемесінің иелігінде.

"2019-2020 жылдары мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу кезінде, ЖСҚ-ға сәйкес, алаң демонтаждалып, жаңа спорт алаңдарын орнату жоспарланған болатын. Ескі әрі жұмыс істемейтін футбол алаңы арқылы электр кабелі тартылып, жарықтандыру орнатылды.

Алайда, жөндеу кезінде жобалық-сметалық құжаттамада кемшіліктер анықталды, түзету жүргізілді. Осыған байланысты ескі еденді бөлшектеуге, жаңа спорт алаңдарын орнатуға және аумақты абаттандыруға қаржы жеткіліксіз болды", - деп түсіндірді білім басқармасы өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Қазіргі уақытта, ведомство мәліметінше, футбол алаңы жабылып, онда сабақтар өткізілмейді. Бұл мектеп ескі спорт алаңдарын бөлшектеуге және жаңа спорт алаңдарын орнатуға бюджеттік өтінім бергені хабарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046526-futbol-alanynyn-qaq-ortasynda-turgan-elektr-bagany-qaznetti-tangaldyrdy/

pixel